Тілдік кемсітушіліктің алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
13.05.2025 06:44:13 165
Бүгін тілдік негізде кемсітушілікке жол бермеу және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға құзырлы органдар, халыққа қызмет көрсететін ірі кәсіпорындардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Кездесу барысында тіл заңнамасының сақталуы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету саласында заң нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға заңнама талаптары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің қызмет барысында кездесетін проблемаларымен бөлісіп, оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында пікір алмасты.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993991?lang=kk