Қостанай облысында «Тіл мен дәстүр» облыстық байқауы өтті
13.05.2025 06:44:14 187
2025 жылғы 13 наурызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында халық ауыз әдебиетін дәріптеу мақсатында «Тіл мен дәстүр» атты облыстық байқау өтті.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер қатысты.
Байқаудың ерекшелігі – командалар әртүрлі сала мамандарынан жасақталып, қатысушылар шешендік өнер мен халық даналығына негізделген сындардан өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды:
- «Білгенге – маржан, білмегенге – арзан» – шешендік сөз үлгілерін көрсету;
- «Сөз мәйегі – мақал» – берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту;
- «Ойлы болсаң, тауып көр» – жасанды интеллект көмегімен жұмбақ шешу;
- «Кім жаңылыспайды?!» – жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айту.
Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының дипломдары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар:
- «Тапқырлық тарланы» номинациясы – «Наурыз»
- 1-орын – «Қазыбек би»
- 2-орын – «Асыл мұра»
- 3-орын – «Қазына»
Бұл байқау ұлттық құндылықтарды насихаттауға, атадан қалған асыл мұраны жаңғыртуға арналған маңызды бастама болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993990?lang=kk