Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі

13.05.2025 06:44:18 187

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелерін талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 27-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 8-бабына сәйкес жүргізілді.

Мониторинг барысында 48 мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы тексеріліп, 77 кемшілік анықталды. Соның ішінде:

  • 36 жағдайда – мемлекеттік тілдегі құжаттар мен ресми ақпарат толық жарияланбаған;
  • 37 жағдайда - мекеменің қызметі туралы ақпараттың толық болмауына қатысты.

Семинар-кеңес барысында осы кемшіліктер талқыланып, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар берілді. Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында тиісті шаралар жалғасады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993987?lang=kk