ТӨСБЕЛГІ ЖАУҒАН КҮН БОЛДЫ

ТӨСБЕЛГІ ЖАУҒАН КҮН БОЛДЫ

18.05.2025 22:25:37 8866
ТӨСБЕЛГІ ЖАУҒАН КҮН БОЛДЫ
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов әкімдіктің шағын залында бір топ еңбек ардагерлерін қабылдап, шырайлы мерекелі күнмен құттықтады.
Қабылдауда болған еңбек ардагерлері арасында мемлекттік қызметтің ардагері Жолдыбай Батырниязов, ауыл шаруашылығы және спорт ардагерлері Ысқақ Күрпілдесов, Сағынғали Айтанов, Брян Қажымов, Еркін Шүренов болды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы осынау айтулы шараның ерекшелігіне тоқталған Қайрат Нұржанұлы ерен еңбек иелерінің ел игілігіне қосқан үлестеріне баға беріп, мемлекеттік қызметтің ардагері Жолдыбай Батырниязовтың өңіріне ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі», қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін тақты.
Ал, ардагерлер Ы.Күрпілдесов, С.Айтанов, Б.Қажымов, Е.Шүреновтың өңірлеріне Сырым ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісі қадалды.
Марапат иелерін құттықтаған Қайрат Нұржанұлы отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.
Марапат иелері өздеріне көрсетілген құрметтер үшін алғыстарын айтты.
Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев марапат иелерін құттықтап, сөз сөйледі.
«Сырым елі»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991394?lang=kk