ҚАРАШЫҚТА ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
18.05.2025 22:29:22 10168
Қарашық ауылында ел тарихындағы маңызды оқиғаларға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Ергешбайұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирді ресми түрде ашты. Өз сөзінде ол мерекелердің ел бірлігін арттырудағы маңыздылығына тоқталды.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған сайысқа аудандардан келген 7 команда қатысты. Әр команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылардың шеберлігі мен ынтымағы турнирдің негізгі рухын айшықтай түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1-орынды Қарабұлақ командасы,
• 2-орынды Сауран ауданының командасы,
• 3-орынды Сайрам ауданының командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара ауыл тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, спорт арқылы достық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/985581?lang=kk