Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі атты аудандық жас мамандар семинары
18.05.2025 22:29:59 22
2025 жылдың 24 - сәуір күні Аягөз аудандық оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің информатика пәні мұғалімдерінің әдіскері К. А. Тусипованың және информатика пән бірлестігі қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ -де "Жас маманның ізденісі - сапалы білім кепілі" атты аудандық жас мамандар семинары өтті. Семинар мақсаты: жас мамандардың кәсіби құлшынысы арттыру, топпен жұмыс жасауға бейімдеу, жігерлендіру.
Семинар барысында "№5 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ информатика пәні мұғалімі Капанова Тоғжан Аманғазықызы 5 "Б" сыныбында "Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? " тақырыбында және "Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" КММ информатика пәні мұғалімі Сейсенбеков Ерасыл Жанатбекұлы 7 "Б" сыныбында "Алгоритмді программалау" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/984563?lang=kk