Түркі академиясы мен Пәкістан ынтымақтастық орнатуда

Түркі академиясы мен Пәкістан ынтымақтастық орнатуда

18.05.2025 22:30:08 11

Исламабад, 2025 жылғы 21–24 сәуір – Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев Исламабад қаласына COMSTECH ұйымының Бас үйлестірушісі Икбал Чаудридің шақыруымен сапармен барды.

А. Кесікбаев COMSTECH ұйымдастырған конференция аясындағы отырыстар мен панельдік сессияларға, соның ішінде Ғылым, технология және инновация жөніндегі ИЫҰ Комитетінің VI отырысына қатысты.

Сапар аясында А.Кесікбаев Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық мұра және мәдениет министрлігінің басшылығымен кездесіп, Халықаралық Түркі академиясы мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.

Сондай-ақ Ұлттық кітапхана, Пәкістанның Қазіргі заманғы тілдер ұлттық университеті (NUML) және «Жібек жолы» мәдени орталығының басшылығымен келіссөздер өткізілді.

Аталған кездесулер барысында тараптар мәдени байланыстарды нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өзге де ықпалдастық бағыттарын қарастырды.

Сонымен қатар, А.Кесікбаев Мусульман институты ұйымдастырған «Мәулана Руми және Хазрет Сұлтан Баху: адамзат достығының, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің және үйлесімділіктің насихатшылары» атты халықаралық конференцияға құрметті қонақ ретінде қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/984390?lang=kk