Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай – тағзым мен құрмет!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай – тағзым мен құрмет!

18.05.2025 22:30:46 11132

Бүгін Қарқаралы жастары орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған “Азалы Ана” ескерткішінің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Игі іске белсене атсалысқан ерікті жастарымыз ескерткіш маңын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, батырлар рухына тағзым етті. Бұл — жас ұрпақтың өткенге деген құрметінің, бейбіт өмірдің бағасын түсіне білудің жарқын үлгісі.

Мақсат — тарихты ұмытпау, батырлар ерлігін мәңгі есте сақтау, кейінгі буынға өнеге көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/983169?lang=kk