2025 жылғы 18-19 сәуір аралығында Жетісу облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы жұмыс сапарымен келді.
18.05.2025 22:31:28 11029
Текелі қаласының әкімдігінде халықпен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өтті, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг және азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Н. Белтаева қатысты.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр Талдықорған қаласындағы ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» және ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» мекемелеріне барды.
Аталған емдеу мекемелерінде де азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Сапар қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жұмысын жақсарту және медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhetisu/press/news/details/981683?lang=kk