Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
18.05.2025 22:31:33 10912
ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті басқармасының басшылары — Гүлсила Орынбекқызы Мұздыбекова және Сара Бекқожақызы Еришева қатысты. Сонымен қатар басқарманың құрылымдық бөлім басшылары, Әдістемелік орталық жетекшілері мен қаладағы барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының директорлары онлайн форматта қосылды.
Күн тәртібінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына байланысты қорытынды аттестаттау және мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кеңінен талқыланды.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жоспарланған іс-шаралар пысықталып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.
Жиын барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ұсынылды.
https://www.facebook.com/share/r/16HucpGuSc/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981628?lang=kk