ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АБУ-ДАБИДЕГІ MBZUAI ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АБУ-ДАБИДЕГІ MBZUAI ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ УНИВЕРСИТЕТТЕ БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАДЫ

18.05.2025 22:31:36 12073
Шымкент қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Мырзақасым Ақтөре беделді 10 мемлекеттің университеттерінен шақырту алды. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI) университетінің шақыртуын қабыл алып, Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында “Бизнестегі жасанды интеллект” мамандығы бойынша жоғары білім алатын болды.
 
Ақтөре шақырту алған беделді университеттер қатарында The University of Hong Kong (HKU), NYU Shanghai, Aalto University (Финляндия), Drexel University (АҚШ) және Mohamed Bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI, БАӘ) бар.
 
Ақтөренің жетістігі — табандылық пен білімге деген құштарлықтың жарқын үлгісі. Ол болашақта жасанды интеллект саласында елге қызмет етуді армандайды. Ақтөреге тек сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/981610?lang=kk