Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде

18.05.2025 22:38:11 528

Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Нұра өзенінде Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы кентінде мұз бұрғылана бастады. Бұл шара мұз кептелісі болмауы үшін қажет. Мұз бұрғылау мұз жүру кезінде өзендердің толып кетпеуіне мүмкіндік береді.
Ғарыш мониторингінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағының 75% қар басқан.
Өңірдің ірі су қоймаларынан – Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұрадан секундына 10-нан 15 текше метрге дейінгі көлемде төгінділер жүргізілуде. Бұл өзен арналарын жуу және тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылық дайындауға қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955930