ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

18.05.2025 22:38:41 605

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынып жатыр

Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталды

Биыл 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы), Қараөзек (Қызылорда облысы) және Үлкен Өзен (БҚО)

Жеке инвестиция есебінен Жетісу облысында Покатилов су қоймасын салу мәселесі пысықталуда

6 облыста 12 су қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр (Ақмола, БҚО, Жетісу, Түркістан, Ақтөбе, ШҚО)

Жыл соңына дейін топтық су құбырын салу бойынша 12 жоба аяқталады. Нәтижесінде 423 мың тұрғыны бар 153 ауыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі және 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты суы орнынан Атырау және Маңғыстау облыстарының елді мекендеріне дейін топтық су құбырын салу мүмкіндігін пысықтап жатыр

Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмысы басталды. 17 трансформаторды жеткізуге келісімшарт жасалды, 9 бірлік жиынтықтаушы жабдық сатып алынды

Су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық нысан жөнделді

2024 жылы 84 гидротехникалық нысанға көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 коммуналдық және 29 республикалық нысан зерттеледі

Былтыр 158 мың гектар жерде жаңбырлатып және тамшылатып суару, лазерлік тегістеу қолданылды. Бұл 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік берді

2024 жылы Министрлік суды заңсыз пайдаланудың 268 фактісін анықтады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылды

Өткен жылы трансшекаралық су мәселелері бойынша 66 іс-шара өтті. Биыл 48 бірлескен комиссия отырысы жоспарланған

Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының еңбекақысын 50%-ға дейін ұлғайту үшін жұмыс жасауда. Ведомство сушылардың айлығын электр және жылу энергетикасы салалары қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін сәйкестендіруге ниетті

«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 150 бірлік арнайы техника сатып алынды

16 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылып, олардың иелігіне 809 нысан берілді

Қызылорда облысында су бекеттерін реконструкциялау және жалпы ұзындығы 232 шақырым болатын 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы іске асырылуда

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Түркістан облысында Қызылқұм магистральдық каналын автоматтандыру жоспарланып отыр

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/952984