2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

18.05.2025 23:39:49 275

2025 жылдың 12 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша 2024 жыл бойынша атқарылған жұмысы туралы Меңдіқара аудандық мәслихаты төрағасының есебін тыңдады.

Өзінің есебінде мәслихаттың төрағасы Қ.Р. Рахметқалиев 2024 жылдағы жұмыс мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатына және 2024 жылға арналған Меңдіқара аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде өткізілгендігін атап өтті. Заңды түрде айқындалғандай, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады.

2024 жылда 20 сессия, сонымен қатар ZOOM арқылы 6 сессия өткізілген. 20 өткізілген сессиясынан кезекті - 4, кезектен тыс - 16. Барлық кезектен тыс сессиялар аудан әкімдігінің бастамасы бойынша шақырылды.

Екінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н. О. Бажировтың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.

Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Руслан Сатыбалдайұлы Байғабұловтың баяндамасын тыңдады.  

Үшінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы О. Ю. Азизованың «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» ақпаратын тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/994104?lang=kk