Астанада ат спортынан ауқымды халықаралық жарыстар өтеді

Астанада ат спортынан ауқымды халықаралық жарыстар өтеді

19.05.2025 10:41:20 451

30 мамыр - 1 маусым аралығында Астана қ. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.

Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіледі.

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын  маршруттар мен  атпен жүруден  өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Конкур – жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі. Мақсат – қашықтықты қателіксіз әрі мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде еңсеру.

Атпен мәнерлеп жүру – ат спортының жоғары деңгейі, мұнда шабандоз бен ат арнайы аренада дәлдікпен және үйлесімділікпен түрлі қимылдарды орындайды.

Астанада Әлем Кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық іс-шара болмақ. Ауқымды деңгейдегі жарыстар қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп,  халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді.

Біздің анықтама:

2025 жылға арналған Әлем Кубогы кезеңдерінің Еуразиялық Лигасы сегіз кезеңнен тұрады: Ташкент қ. — 1 (Өзбекстан), Ташкент қ. — 2 (Өзбекстан), Бішкек қ.- 3( Қырғызстан), Астана қ. — 4 (Қазақстан), Тбилиси қ. — 5 (Грузия), 6-шы Тбилиси қ. (Грузия), 7 — Ереван қ. (Армения), 8- Тегеран қ. (Иран). Еуразиялық Әлем Кубогы кезеңдері лигасының «Grand Prix» бас маршрутының қорытындысы бойынша 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына лицензия ойналады.

БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/994533?lang=kk