Қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мақсатында

Қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мақсатында

19.05.2025 17:41:40 385

 Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мәселелерін талқылады. Форумның мақсаты - бизнесті дамыту, инвестиция тарту, стратегиялық жобаларды іске асыру сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүддесін қамтамасыз етудің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ашық және құрылымды диалог құру болды.

Кездесу өңірдің кәсіпкерлік саласын дамытуға серпін беретін маңызды іс-шара болды. Мемлекет басшысы Төртінші ұлттық құрылтайда атап өткендей, мемлекет бизнесті қолдады және қолдайтын болады, бұл жерде күмән болмауы керек. Бизнес, өз кезегінде, Үкіметтің қолдауына ие болу және тұтастай алғанда тиісті жеңілдік алу үшін жауапты және ең бастысы заңға бағынатын болуы тиіс.

Кездесуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері, кәсіпорын жетекшілері мен инвесторлар қатысты.

Осындай кездесулер бизнесті қолдау бойынша нақты құралдарды әзірлеу үшін тиімді алаң болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/995300?lang=kk