Қазақстан және Франция СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан және Франция СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

19.05.2025 19:01:15 308

Астана, 2025 жылғы 14 мамыр – Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-француз ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Инвестицияларды тарту, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.

Министрлер өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мен байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/995429?lang=kk