Алматыда «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды

Алматыда «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды

19.05.2025 19:22:58 143

2025 жылғы 14 мамырында Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерімен кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Іс-шараға студенттер, оқытушылар мен колледж қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Жарқын Ғалымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда студенттер мен оқытушылардың рөлін атап өтті.

Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді.

 Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті.

Іс-шараның соңында колледж ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады.

 

#ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП

#ЗАҢ мен ТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/995464?lang=kk