"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң: бизнес-процестерді автоматтандыру.
19.05.2025 19:52:23 253
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген заң сатып алудың ашық әрі қолжетімді жүйесін қалыптастырады. Біріңғай платформа арқылы тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жеткізуші ретінде онлайн режимде қатысуға болады.
Портал сатып алуға қатысты барлық ақпаратты-техникалық сипаттамалардан бастап шарттардың орындалуына дейін- ашық ұсынады. Бұл жүйенің ашықтығы мен бақылауын арттырады.
Негізгі жаңалықтардың бірі-рейтингтік -баллдық жүйенің еңгізілуі. Жеңімпаз конкурс комиссиясының араласуынсыз, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде анықталады. Мұндай конкурстардың қорытындылары дауланбайды.
Конкурс өткізу мерзімі -5 жұмыс күні. 2023 жылғы қыркүйектен бастап құрылыс-монтаж және жобалау жұмыстары осы жүйе арқылы жүргізіледі, ал 2024 жылғы ақпаннан бастап техникалық қадағалау қызметтері де қосылды.
Заң шағын және орта бизресті қолдап, бюджеттік шығындардың тиімділігін арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/995534?lang=kk