Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелері бойынша панельдік сессия өтеді
20.05.2025 17:51:35 220
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «AI және креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Іс-шара Астана Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылады.
Форумның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.
Астана Халықаралық форумы — жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен академиялық мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіретін алаң.
Панельдік сессияда сөз сөйлейтін спикерлер:
Қазақстан Республикасының Әділет министрі — Сарсембаев Ерлан Жақсылықұлы;
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры — Дарен Танг;
Малайзия Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары — Мохамед Датук Нур Джазлан бин Тан Шри;
Еуразиялық патент ведомствосының Президенті — Ивлиев Григорий Петрович;
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) — Сұлтанов Бахыт Тұрлыханұлы;
және басқа да мәртебелі қонақтар.
Форумға қатысу үшін тіркеуден өту қажет: www.astanainternationalforum.org
БАЙЛАНЫС:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Телефон: +7 (7172) 74-06-21
Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/996698?lang=kk