«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

20.05.2025 19:43:28 253

Алматы қаласы Алмалы ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ие болған көпбалалы аналарды құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отбасы институтын нығайту ісінде әйел-аналардың маңызды рөлін атап өту.

Салтанатты кеш барысында аналарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі, төзімі мен махаббатына деген алғыс білдірілді.
Марапатталған аналар қатарында:
• Естай Алмагүл
• Мусабекова Алия
• Мусаева Рахат
• Мырзабаева Әсел
• Найденова Юлия
• Санжурова Айша

Олардың әрқайсысы – алты баланың анасы, қоғамның лайықты өкілдері. Олар өмір жолымен отбасылық бірліктің, жауапкершілік пен болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Аналардың қоғам дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен жанкешті еңбегі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/996885?lang=kk