Бесқарағай ауданының тұрғыны, 93 жастағы тыл ардагерін құттықтау.

Бесқарағай ауданының тұрғыны, 93 жастағы тыл ардагерін құттықтау.

28.05.2025 14:57:32 14731

Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков Жеңістің 80 жылдығына орай, Бесқарағай ауданының тұрғыны, 93 жастағы тыл ардагері Фатеева Нина Васильевнаны құттықтады. Фатеевна Нина Васильевна — тыл ардагері, яғни Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майдан шебінен тыс, ел ішінде еңбек етіп, Жеңіске үлес қосқан азаматша. Мұндай ардагерлер майдандағы жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ және басқа да қажеттіліктерді дайындап, тылда аянбай еңбек еткен. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтарға төзіп, бейбітшілік жолында үлкен үлес қосты.
Бүгінде біз Нина Васильевнаға және сол замандағы барлық ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздің төзімділігіңіз, еңбегіңіз, отансүйгіштігіңіз — біз үшін үлкен мақтаныш пен үлгі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/998558?lang=kk