Бауржан Түленов жаңа мектеппен және білім жүйесінің жай-күйімен танысты

Бауржан Түленов жаңа мектеппен және білім жүйесінің жай-күйімен танысты

28.05.2025 17:34:33 11368

Бүгін Абай облысы білім басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Бауржан Алтайұлы Түленов Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол аудан орталығында ашылған "Жайлы мектептің" жұмысымен танысып, білім беру мекемелерін аралады.

Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасына жоғары баға берген басқарма басшысы оның заманауи инфрақұрылымы оқушылардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беретінін атап өтті. – Бұл мектеп – болашаққа салынған инвестиция. Балаларға сапалы орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз, – деді Бауржан Түленов.

Сапар барысында басқарма басшысы аудандағы басқа да білім беру мекемелерін аралап, олардың жағдайымен танысты. Ол білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды нығайту және жүйелі жобаларды іске асыру бағытында нақты ұсыныстарын білдірді. Басқарма басшысын аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұңғат Назаров және Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Кәдірбеков Медет қарсы алып, жаңа жобалардың жүзеге асу барысын таныстырды.

Сонымен қатар, ол білім саласындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешуге бағытталған алдағы жобалар туралы баяндады. Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999035?lang=kk