«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
28.05.2025 17:44:36 15203
Бесқарағай ауданының Глуховка орта мектебінде «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету мен құтқару ісінің негіздерін меңгеру арқылы қауіпсіздік мәдениетін дамыту.
Ашылу рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, аудан әкімі Азамат Орымбаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нускенова, ТЖ қызметкерлері және әскери-патриоттық бағыттағы ұйымдардың өкілдері қатысты.
✅ Шара барысында:
– «Жас Ұлан» мектебі тәрбиеленушілері мен жас құтқарушылар концерттік бағдарлама ұсынып, ант қабылдады;
– 14 оқушыға «Жас құтқарушы» куәлігі табысталды;
– Мектеп базасында арнайы оқу кабинеті жабдықталып, өрт сөндіру және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді;
– Оқушылар арнайы формамен қамтылды.
🔸 Бұл бастама өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999416?lang=kk