«Әділет кеңес береді»

«Әділет кеңес береді»

28.05.2025 18:15:03 17410

   Азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында 2025 жылдың 20 мамырында Арқалық қаласында Әділет департаменті жеке сот орындаушыларымен, нотариуспен және адвокатпен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
   Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, тараптардың құқықтары мен міндеттерін сақтау, сондай-ақ құқықтық қорғаудың ықтимал шаралары мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
   Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

 

 


  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/999741?lang=kk