«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде
28.05.2025 19:25:51 14349
30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар - ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Беймбет Майлин ауданы аталған іс-шара 23 мамыр сағат 14:00-де, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 60 (Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараты), 1 қабат.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1000776?lang=kk