Агенттік экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты әзірледі

Агенттік экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты әзірледі

29.05.2025 11:34:45 15633

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәуекелдерді басқару тәжірибесін жетілдіру аясында екінші деңгейдегі банктерге арналған «Экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты» әзірледі.

Нұсқаулық экономикалық капиталға қойылатын талаптарды дәлірек айқындауға ықпал етеді, бұл банктердің қаржылық тәуекелдерге төзімділігін арттырып, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды жеңілдетеді.

Құжатта экономикалық капиталды есептеуге арналған әдістемелік ұсынымдар берілген, олар банктердің негізгі тәуекел түрлері – кредиттік, нарықтық, операциялық және банктік кітаптың пайыздық тәуекелдері (IRRBB) бойынша есептеледі.

Нұсқаулық Базель банк қадағалау комитетінің және Еуропалық банк басқармасының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген. Халықаралық стандарттарға сәйкестік банктерге үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Нұсқаулықтың мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1004332?lang=kk