«Заң мен тәртіп» өнер арқылы: ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы спектакль көрсетілді
29.05.2025 13:36:16 7976
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өңірдің мемлекеттік қызметшілері үшін «Чеховтың әңгімелері» театрлық қойылымын көрсетуді ұйымдастырды.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік қызметте адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Орыс әдебиетінің классигінің шығармалары арқылы көрермендерге моральдық нұсқаулар беріліп, жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске түсірді.
Іс-шараның театр формасын таңдау кездейсоқ емес. Өнер сана мен құндылық көзқарастарына әсер ету құралы ретінде адамгершілік бағдар беріп, кәсіби этиканы тереңірек түсінуге ықпал етеді. Спектакль мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту жөніндегі мақсатты ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және халық арасында, әсіресе мемлекеттік қызметшілер арасында ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1005737?lang=kk