ШҚО Алтай ауданының тұрғындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында заң көмегін алды

ШҚО Алтай ауданының тұрғындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында заң көмегін алды

29.05.2025 14:05:18 14442

Халық арасында «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету, сондай-ақ азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына барды.

Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Тұрғындарға құқықтық кеңесті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер берді.

Іс-шара барысында ауданның 150-ден астам тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралып, азаматтарға білікті түсініктемелер берілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы құқықтық сауаттылықты арттыруға және адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ете отырып, облыстың басқа аудандарында жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік: егер Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласыңыз (тәулік бойы жұмыс істейді).

#Заң_мен_тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1006353?lang=kk