БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнін атап өтуде

БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнін атап өтуде

29.05.2025 14:55:57 528

Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – 1948 жылы дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы алғашқы бітімгершілік операциясын Таяу Шығыста бастады.

77 жыл ішінде БҰҰ 71 бітімгершілік операциясын өткізді. Оларға 150 елден 2 миллионнан астам бітімгер қатысты. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның 12 миссиясында 121 елден 80 000-нан астам бітімгерлер қызмет атқаруда.

Қазақстанның БҰҰ-мен бітімгершілік жолындағы өзара іс-қимылы 2014 жылы Қазақстан қарулы күштерінің алғашқы әскери қызметкерін Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясына әскери бақылаушы ретінде жіберілген күннен басталды.

Бүгінгі таңда 158 қазақстандық бітімгер БҰҰ-ның 6 миссиясында қызмет етеді. 2024 жылғы 15 наурызда Голлан биіктеріне құрамында 139 бітімгер бар ұлттық контингентті жолдау Қазақстан үшін үлкен жетістік болды.

Қазақстандық бітімгершілік күштерді БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберудің мақсаты – жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы әлемдік қауымдастықтың күш-жігеріне ықпалдасу және Қазақстанның халықаралық беделінің артуына ат салысу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006830?lang=kk