Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті
29.05.2025 15:12:59 16263
Бүгін Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков пен Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов қатысты.
Биыл аталған жобаның төртінші кезеңі өтеді. Қатысуға өтінімдер 1-30 маусым аралығында қабылданады.
Ержан Айқымбеков іріктеу жүйесінің ерекшеліктері мен қойлылатын талаптарды түсіндірді. Ол мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге адал қызмет етуді мақсат еткен жастар қажет екенін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві – осындай азаматтарды анықтап, оларды кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны ретінде қалыптастырудың тиімді құралы.
Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006962?lang=kk