Президенттік жастар кадрлық резервіне түсу үшін жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы
29.05.2025 15:31:40 319
2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, кітапханаларда, сауда орталықтарында буклеттер орналастырды, сондай-ақ жастарды іріктеуге қатысуға шақыру туралы халыққа ақпарат таратты.
1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады.
Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар.
Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек.
Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:
- жасы 35 жастан аспайды,
- Қазақстан Республикасының азаматтығы,
- жоғары білімнің болуы,
- белгілі бір жұмыс тәжірибесі,
- мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007164?lang=kk