Қазақстандағы демографиялық трендтер: 2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

Қазақстандағы демографиялық трендтер: 2024 жылдың қорытындысы және болжамдар

29.05.2025 16:02:47 484

2024 жылы әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізетін халықтың қартаюы мен бала туу көрсеткіші төмендеуінің жаһандық үрдісі жалғасын тапты. Әлем өзінің демографиялық ауысуында бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да атап өтілді: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек".

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,3 млн асты, оның ішінде 25 жасқа дейін – 8,7 млн адам (42,8%), 25-тен 65 жасқа дейінгі жастағы адам саны – 9,7 млн адам (48,0%), 65 жастан асқандар саны – 1,9 млн адам (9,2%)[1].

Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді.

 

  • Өмір сүру ұзақтығы және қарттардың үлесі

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендегеннен кейінгі 2021 жылғы 70,23-тен 2024 жылы 75,44 жасқа дейін өсті.

 

2013-2024 жылдар аралығындағы орташа өмір сүру ұзақтығының өзгеру динамикасы мынадай:

 

 

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

2024

Бүкіл халық

70,62

71,44

71,97

72,41

72,95

73,15

73,18

71,37

70,23

74,44

75,09

75,44

Ерлер

65,91

66,90

67,49

67,99

68,72

68,84

68,82

67,09

66,33

70,26

70,99

71,33

Әйелдер

75,23

75,82

76,26

76,61

76,92

77,19

77,30

75,53

74,03

78,41

79,06

79,42

 

БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары 2050 жылға қарай өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (халықтың жалпы санындағы 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2009 жылғы 9,7%-дан 2024 жылы 13,9%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай 19%-ға дейін өседі деп болжануда. Яғни, 2050 жылға қарай орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады).

 

Жалпы халық санындағы 60 жастан асқан адамдардың

алатын үлесі туралы нақты дерек пен болжам

 

Нақты дерек

БҰҰ болжамы

БЖЗҚ болжамы

 

  • Жалпы туу коэффициенті

Халық құрылымына туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) айтарлықтай әсер етеді, бұл бір әйелдің репродуктивті кезеңде орташа есеппен қанша рет босанатынын көрсетеді (яғни шамамен 15-50 жас).

Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 3,32-ден 2024 жылы 2,80-ге дейін төмендеді. БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде.

 

Жыл

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

2024

ТЖК

2,77

2,73

2,84

2,90

3,13

3,32

3,05

2,96

2,80

 

Бала туудың төмендеуі бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс болып табылады. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында еңбек нарығына адамдар аз араласа бастайды, зейнеткерлер мен еңбекке қабілетті халық арасындағы теңгерімсіздік одан әрі өсуде.

 

  • Көші-қон сальдосы

 

UNFPA-ның (БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры) Қазақстандағы өкілдігі Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру саласындағы жағдайды талдау[2] есебінде біртіндеп 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына қол жеткізілетінін болжайды, бұл "республиканың жұмыс күшіне деген жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстанның оңтүстігіндегі елдердегі халықтың жылдам өсуінен көрінетін экономикалық дамуымен түсіндіріледі". 

Төменде 2016-2024жж. иммигранттар мен эмигранттар саны көрсетілген:  

Жыл

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

2024

Келгендер

13 755

15 595

12 747

12 255

11 370

11 039

17 425

25 387

29 282

Кеткендер

34 900

37 725

41 868

45 225

29 088

32 256

24 147

16 094

12 732

Көріп отырғанымыздай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы үш жылда 2,7 есеге өсті, ал 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2,3 есеге азайды.

 

  • Әлеуетті қолдау коэффициенті

65 жастан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы (25 жастан 64 жасқа дейін) адамдардың саны ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициенті одан әрі төмендеуде.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2024 жылы 5,2-ге дейін төмендеді. БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициенті 2050 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендейді, бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін "жүктемені" арттырады.

 

Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы 

БҰҰ болжамы

БЖЗҚ болжамы

Қолдау коэф., нақты дерек

 

Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдерінен Қазақстанның зейнетақы жүйесі ғана ұсынылған 2024 жылдың қорытындысы бойынша Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексінде демографиялық үрдістер – туу көрсеткішінің төмендеуі мен өмір сүру ұзақтығының өсуін ескере отырып, зейнетақы жүйелерін одан әрі жаңғырту қажеттілігі атап көрсетілген.  

Бұл жағдайда Қазақстанда қолданылып жүрген зейнетақы жүйесіне ұқсас,  мемлекеттік және жинақтаушы құрамдауыштарды қамтитын көпдеңгейлі (аралас) жүйе неғұрлым тиімді. Мұндай үлгі лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін тиімді шешіп, дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым төзімді болып келеді. 

Алайда, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарып келе жатқанын ескерген жөн. Өйткені ол 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін ескере отырып есептеледі. Ал 10% міндетті зейнетақы жарналары лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан жинақтаушы құрамдауышты күшейту бойынша шаралар қабылдануда, олардың бірі – 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша жауапкершілік әлемдік тәжірибеде қалыптасқандай мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлінген.

 

[1]Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша

[2] https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.pdf

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007901?lang=kk