Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

30.05.2025 08:12:30 363

Нью-Дели, 2025 жылғы 29 мамыр – Нью-Делидегі «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында өткен ресми рәсімде Азамат Есқараев Үндістан Президенті Драупади Мурмуға оны Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде аккредиттейтін сенім грамоталарын табыс етті.

Қазақстан Елшісі ресми рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев пен Қазақстан халқының атынан Үндістан Президентіне және достас үнді халқына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ниет аталып өтті.

Елші А.Есқараев екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын білдірді.

Өз кезегінде Үндістан Президенті Д.Мурму жаңа Елшіні жылы қарсы алып, оның дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1007629?lang=kk