«Заң және тәртіп»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлерімен кездесу
30.05.2025 18:11:25 21324
Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығында «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті.
Өз сөзінде Департаменттің спикері заңдарды сақтаудың маңыздылығы және олардың бұзылуының салдары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар ол денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы және оларды болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Спикер кездесуге қатысушыларды әрдайым адал, арлы және заңға бағынушы болуға шақырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Қорытындылай келе, шараны ұйымдастырушылар құқықтық нормаларға саналы көзқарас қалыптастыру және әлеуметтік иммунитеті мықты жаңа ұрпақ тәрбиелеу үшін мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу маңызды екенін атап өтті.
#ЗАҢ менТӘРТІП
#заң мен тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1008542?lang=kk