«Халық заңгері»
02.06.2025 09:12:04 19469
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 30 мамырында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. Акция барысында халыққа тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар кеңес беріп, нақты құқықтық жағдайлар бойынша бағыт-бағдар ұсынды. Бұл бастама азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған дәстүрлі іс-шараға айналды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1008961?lang=kk