«Кел, балалар, оқылық»

«Кел, балалар, оқылық»

02.06.2025 17:01:41 440

1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б. Х. Нарымбетовтың қатысуымен мектеп жасындағы балаларға арналған «Кел, балалар, оқылық» сериясымен шығарылған үш томдық антологияның тұсаукесерін өткізді. Кітап тұсаукесері Мәдениет басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен өтті.

Іс шарада Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы Жанұзақ Аязбекұлы, көрнекті ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Әбутәліп Әмірұлы, Серікбай Оспанов, Суслова Александра Ильинична, Жандос Жүсіпбек, Абылай Мауданов және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Антологияға халқымыздың ұлы тұлғалары — ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, барша қазақты оятқан Міржақып Дулатов сынды Алаш арыстарының өнегелі шығармалары енгізілді. Сонымен қатар бұл жинақ қазіргі таңда әдебиетке жаңа леп әкеліп жүрген жас қаламгерлердің туындыларымен толықты.

 

#Қазақстанбалалары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1009870?lang=kk