«Қиялымдағы демалыс»
02.06.2025 17:01:45 583
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қиялымдағы демалыс» атты кітапханадағы жазғы лагерь маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға жазушы Оразай Жеңіс қатысты. Ол балаларды мерекемен құттықтап, білімді болу үшін кітапты көп оқыңдар деген тілек білдірді. Мереке барысында балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Балаларды бірнеше ойын аймақтары күтіп тұрды:
«Кескіндеме тарихы» – ШҚ өнер музейінің жылжымалы көрмесі,
«Шытырман оқиғалы арал» – қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар,
«Ашық аспан астындағы оқу залы» – оқу мен қарым-қатынасқа арналған жайлы кеңістік.
Түрлі-түсті костюм киген көңілді аниматорлар барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, ән- жырдан шашу шашылды, кітапхананың "Керім-ай" би тобының биші бүлдіршіндері де атсалысты. Оқырмандарға әзірленген кітап көрме күні бойы жалғасын тапты.
Сондай-ақ, кітапқұмар балалар үшін «Эмиль балмұздақ фабрикасы» ЖШС балмұздақ таратты. Кітап оқу – қызықты іс! Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына келіп жазда кітап оқыңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1009837?lang=kk