Латвия мен Қазақстан көлік және логистика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда

Латвия мен Қазақстан көлік және логистика саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтуда

02.06.2025 19:12:56 825

Рига, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті.

Тараптар транзиттік бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және мультимодальды логистикалық тізбектерді дамытуды қоса алғанда, көлік ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Латвиялық порттар арқылы елдер арасындағы жүк тасымалдауды жандандыруға, қазақстандық тауарларды ЕО елдеріне жедел жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын пайдалануға, сондай-ақ жүк айналымы процестерін цифрландыру және кедендік рәсімдерді оңайлату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар іскерлік және туристік байланыстарды нығайту үшін авиация саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Осы тұрғыда жақын арада елдер арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру туралы  пікір алмасу болды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаевтың шақыруы бойынша А. Швинка мырзаның биылғы жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1010108?lang=kk