Бүгін ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
08.06.2025 17:34:12 231
Мерекелік бағдарлама Мемлекеттік Гимнді жаппай орындаумен басталды. Оған жастар мен еңбек ұжымдарының өкілдері белсене қатысты.
Мемлекеттік Туды көтеру құрметі Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Жақсылық Шыңғыс Ақылбекұлына берілді.
Іс-шара жалғасын жастардың жарқын флешмобы мен патриоттық әндердің орындалуымен тапты.
Іс-шара мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын, олардың ұлттық сананы қалыптастырудағы және Тәуелсіз Қазақстанды нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте еске салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1012318?lang=kk