Қазақстан мен Солтүстік Македония энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда
08.06.2025 17:34:22 77
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы
(AIF-2025) аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Аккенженов Солтүстік Македония Республикасының энергетика, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбалар министрі Саня Божиновскамен кездесті.
Тараптар жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуға баса назар аудара отырып, екі елдің энергетика секторындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Е.Аккенженов Қазақстанның «жасыл» энергетика секторының белсенді дамуын атап өтіп, македондық серіктестерді жобаларға қатысуға шақырды. Ол біздің еліміздің халықаралық танылған аукциондық сауда-саттық тетігін пайдалана отырып, ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыруда табысты тәжірибесі бар екенін және осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.
Министр С.Божиновска ЖЭК дамытудың қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді. Заңнамалық бастамаларға, аукциондық рәсімдерге және инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктеріне ерекше қызығушылық танытты.
Кездесуге Солтүстік Македония Республикасындағы Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршаков қатысты.
Сонымен қатар, AIF-2025 аясында С.Божиновска халықаралық сарапшылармен бірге «The Resource Race: who Controls The Green Future» панельдік талқылауына қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1012301?lang=kk