4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
08.06.2025 17:34:27 264
Бүгін Қостанай қаласында осы атаулы датаға орай мемлекеттік рәміздерге арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік шараға 1000-ға жуық адам қатысты.
🎵 Шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, биікке Көк Ту көтерілді. Ерекше форматта өткен патриоттық челлендж, өнерпаздардың әсерлі ән-шашуы мен жастар көшбасшыларының сахнаға шығуы көпшіліктің рухын көтеріп, елдік сезімін оятты.
Мемлекеттік рәміздер — бұл тек нышан емес, бұл — халқымыздың болмысын, рухын, бірлігін бейнелейтін ұлы құндылықтар.
🇰🇿 Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақ болсын!
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/1012295?lang=kk