«Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті

«Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті

08.06.2025 17:34:31 16467

2025 жылғы 30 мамырда Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау мақсатында өткізілді.

Сайысқа облыстың қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 9 оқытушы қатысып, өздерінің әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап» және «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңдерінде бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Гүлжазира Жұмақанқызы Баймағамбетова (Арқалық қаласы).

  • I орын – Нурсыйла Махсатовна Мейримханова (Рудный қаласы),
  • II орын – Нұрмұхамед Әмзеұлы Серікбаев (Лисаков қаласы),
  • III орын – Жанар Кумаровна Хаджиева (Ұзынкөл ауданы),

Жеңімпаздар мен қатысушылар Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1012293?lang=kk