Астана 2026 жылғы Болашақ Ойындарының ресми астанасы болып жарияланды
08.06.2025 17:34:37 77
Бұл туралы Дубай қаласында өткен World Phygital Summit 2025 халықаралық саммитінде Қазақстанда Болашақ Ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ресми оператор – «Казспортинвест» АҚ басшысы Әлібек Хасенов мәлімдеді.
«Біз 100-ден астам елден қатысушыларды қабылдауды жоспарлап отырмыз және әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлердің көптеп келуін күтеміз. Турнир жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, өйткені еліміз ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие», – деді Әлібек Хасенов саммит барысында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1012288?lang=kk