Музейде "Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
08.06.2025 18:27:44 18869
Жеңістің 80 жылдығына орай, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі музей шоғырланбаған аймақтарда жылжымалы көрме ұйымдастыру мақсатында Көксу ауданы, Балпық би кенті, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларына «Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме құрды. Балалар Кеңес дәуірі мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңіне қатысты тың мәліметтермен танысып, жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1013185?lang=kk