Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға бейілділігін растады

Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға бейілділігін растады

08.06.2025 18:33:42 132

Иранға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен келіссөздер өткізді.

 

Министрлер екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетуге ерекше назар аударылып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару қажеттілігі аталып өтті.

 

«Біз екі ел арасындағы сындарлы әрі қарқынды диалогты кеңейтуді жалғастырамыз. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 12,3%-ға өсіп, 340 миллион АҚШ долларынан асты. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 82%-ға артып, 129 миллион долларды құрады. Біз осы оң қарқынды сақтап, өзара сауданы 3 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1013463?lang=kk