Миролюбовка ауылдық округінің ауылдарында суармалы суды іске қосу
09.06.2025 15:32:27 176
Миролюбовка ауылдық округінің әкімдігі Миролюбовка және Раздольное ауылдарында сенбіліктер ұйымдастырды, олардың барысында жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін бөгет орнату жұмыстары жүргізілді. Бастама жазғы кезеңде тұрғындардың үй учаскелерін үздіксіз суаруды қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті тұрғындар іс-шараға белсенді қатысты, бірлескен күш-жігермен су беруді тиімді реттеуге және су ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бөгет орнатылды. Әкімдік сенбілікке қатысқан барлық бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралар Ауылда өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында одан әрі жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1013895?lang=kk