Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
09.06.2025 17:01:10 616
Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды!
2025 жылдың 6 маусымы күні Бәйтерек ауданына қарасты Қаражар ауылында жаңадан бой көтерген медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауыл тұрғындары көптен күткен бұл әлеуметтік нысан – медицина саласын жетілдіру, алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауыл халқына қолжетімді қызмет ұсыну жолындағы үлкен қадам.
- Жаңа медициналық пункт заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған;
- Білікті медицина қызметкерлері қызмет көрсетуге дайын;
- Ауыл ішіндегі тұрғындарға жақын әрі қолайлы орналасқан;
- Алғашқы көмек, профилактикалық тексерулер және тұрақты ем-дом шаралары жүргізілетін болады.
Ашылу салтанатына аудан басшылығы, медицина саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа нысанның ауыл дамуына қосар үлесі ерекше атап өтілді.
Бұл – ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі. Ауыл тұрғындарының игілігіне арналған нысан бәрімізге ортақ қуаныш!
«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, осындай игі істер жалғасын таба берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1014022?lang=kk