Қазақстан СІМ-де испан сенаторлары қабылданды
09.06.2025 19:51:29 99
Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Испания Парламенті Сенатының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе бастаған Испания Парламенті Сенатының делегациясымен кездесті.
Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту перспективаларын, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Сұхбаттастар Астана мен Мадрид арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға ықпал ететін биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың маңыздылығын атап өтті.
Р.Василенко Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктестерінің бірі Испаниямен ынтымақтастықтың кең әлеуетін атап өтті. Оның пікірінше, Испания депутаттарының сапары парламентаралық байланыстарды дамытудың жаңа тарауын ашады.
Өз кезегінде Х.Ландалусе Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын қуаттап, алдағы уақытта Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Анықтама: 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 731,3 млн АҚШ долларын (экспорт – 584,7 млн, импорт – 146,5 млн) құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті. Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 60 компания тіркелген. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына Испаниядан 333,5 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1014181?lang=kk