Интернет- алаяқтың алдын алу

Интернет- алаяқтың алдын алу

11.06.2025 11:01:59 363


    Құрметті азаматтар!

    Цифрлық технологиялардың жедел дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті.

     Соңғы төрт айдың өзінде елімізде 8 000-нан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді.

     Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, байланыс операторлары, курьерлік және медицина ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін және психологиялық қысымды пайдаланады.

     Өкінішке қарай, мемлекеттік және қаржы ұйымдарының қызметкерлері де алаяқтардың құрбаны болуда. Көптеген жағдайда қаскөйлер мессенджерлер арқылы басшылықтың атынан хабарласып, адамдарды алдап, ақшаларын аударуға мәжбүрлеген.

      Еске саламыз: Мемлекеттік органдардың және банктердің өкілдері ешқашан телефон арқылы: деректерді, банк картасының реквизиттерін, кодтарын немесе құпия сөздерді сұрамайды. жеке растау

      Сізден бейтаныс адамдарға жеке ақпаратыңызды бермеуді және күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.

       Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары мен қауіп-қатерлері туралы жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы азаматтарды хабардар етуге шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1015092?lang=kk